78
D-KEYS 2.1 ақылды домофоны: смартфонға бейнеқоңырау мүмкіндігі және қосымшадағы мүмкіндіктеріңіз.
Бұл мақалада D-KEYS 2.1 бейнеқұрылғысының қосымшаны пайдалану кезіндегі мүмкіндіктері мен функциялары, сондай-ақ орнату ерекшеліктері туралы оқисыз.
D-KEYS 2.1 құрылғысының мүмкіндіктері мен функционалы
- D-KEYS қосымшасы арқылы D-кілтпен есікті ашу, соның ішінде домофон есігінің дәл жанында орналастырылған QR-код арқылы;
- Брелок-кілтті қолданбай-ақ, қосымшадағы электронды D-кілтпен есікті қашықтан ашу;
- Домофоннан D-KEYS мобильді қосымшасына бейнеқоңырау қабылдау;
- Онлайн-трансляцияға қол жеткізу;
- 7 тәулікке дейінгі бейнемұрағат;
- D-KEYS мобильді қосымшасында кілттерді басқару;
- Ата-ана бақылауы;
- Егер қосымшада D-кілт болмаса, QR-код арқылы ақпараттық мақаланы ашуға немесе Виртуалды домофон көмегімен пәтерге қоңырау шалуға болады.
Арнайы мүмкіндіктер:
- сілтеме арқылы ашу;
- телефон қоңырауы арқылы ашу.
Кілт баптауларында:
- домофоныңызға қызмет көрсететін компания туралы ақпарат;
- өзіңіздің D-кілтіңіздің сыртқы түрін өзгерту мүмкіндігі;
- орнатылатын құрылғының мүмкіндіктеріне толық сипаттама бар.
Қосымшадағы «Кілттерді басқару» бөлімінде сіз өзіңіз:
- барлық жақындарыңызға цифрлық D-кілттерді бере аласыз;
- кілт мүмкіндіктерін баптап, ыңғайлы функцияларды (ата-ана бақылауы және Виртуалды домофон) қоса аласыз;
- арнайы мүмкіндіктерді баптай аласыз: қоңырау арқылы ашу / сілтеме арқылы ашу.
D-KEYS 2.1 бейнеқұрылғысының арқасында домофоныңыз қосымша функцияға ие болады, бірақ оның жұмысы өзгермейді және күрделене түспейді. Сіз әдеттегі режимде де, смартфонды пайдаланып та қолдана аласыз. Көп жағдайда орнату кезінде кілттерді ауыстыру қажет емес — нақты ақпаратты домофоныңызға қызмет көрсететін компаниядан нақтылаңыз.
Орнату ерекшіліктері:
подъездердің кіреберіс топтарына, көппәтерлі үйлердің кіреберісіне, калиткаға орнатылады.
Жұмыс істеуі үшін сымды интернет қажет: 2–5 Мбит/с, VPN қажет емес, динамикалық IP-мекен-жайы, статикалық IP-мекенжайы немесе PPPОE-қосылым.
Орнату 2–3 сағат ішінде орындалады.


